Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті

Аудандағы активпен жұмыс кездесуі өтіп, онда 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды. Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы Калелов Мамырбек Жалимханович Жолдаудың әрбір тармағына жеке-жеке тоқталды. Өз сөзінде ол аудан экономикасының өсуінің негізі ретінде жаңа инвестиция көздерін тарту және шағын және орта бизнесті дамыту қажеттілігіне, білім беру мен медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, жастар мен әлеуметтік осал топтарды қолдауға, шаруаларды қолдау шараларын кеңейтуге, заманауи технологияларды енгізуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға, шекара маңындағы аудандарды дамытуға, оның ішінде инфрақұрылымды жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру және азаматтардың өмір сапасын жақсарту үшін цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ табиғи ресурстарды қорғауға, ауданның бірегей табиғатын сақтауға және экологиялық қауіпсіз жобаларды дамытуға ерекше назар аударды. Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысы жариялаған бастамалардың өзектілігін атап өтіп, оларды аудан деңгейінде жүзеге асыруға күш салуға дайын екендіктерін білдірді. Кездесу соңында Жолдауда айқындалған міндеттерді табысты іске асыруда аудан тұрғындарының белсенді қатысуы мен билік пен қоғамның бірлескен жұмысы негізгі фактор болатыны ерекше атап өтілді.