Марқакөл ауданы мәслихаты VIII шақырылымының кезекті жиырма сегізінші сессиясының отырысы өтті

Марқакөл ауданы мәслихаты VIII шақырылымының кезекті жиырма сегізінші сессиясының отырысы өтті

2025 жылғы 30 қыркүйекте Марқакөл ауылында Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезекті жиырма сегізінші сессиясы өтті. Сессияның алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, онда күн тәртібіндегі мәселелер алдын ала талқыланды.

Сессия барысында аудан әкімі Кемешев Рүстембек Нәбиолданұлы өзінің атқарып отырған функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есеп берді. Сондай-ақ бас маман Рғаев Думан Болатқанұлы 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, жылумен қамту ұйымдарының, тұрғын үй қоры мен әлеуметтік-мәдени нысандардың дайындығы жөнінде баяндады. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Айкенев Тимур Калимжанұлы аудандық бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау, депутаттардың өкілеттігі, этика, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп ұсынды. Бұдан бөлек, Қалжыр ауылдық округінің әкімі Омаров Махамбет Амантайұлы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.

Депутаттар сондай-ақ бірқатар ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелерді қарады, оның ішінде 2024 жылғы 17 қазандағы № 35 «Марқакөл ауданы әкімдігінің дербес құрамын құру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шекара мәселелері жөніндегі Үйлестіру комиссиясын құру, сондай-ақ Марқакөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 67 «Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы», № 66 «Марқакөл ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы», № 68 «Марқакөл ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» және 2025 жылғы 7 наурыздағы № 45 «Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.

Ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында сессия мәслихаттың YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Қабылданған шешімдер ауданның одан әрі дамуына, құқықтық тәртіпті нығайтуға, халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және Марқакөл ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталды. Жазбаны мына сілтеме арқылы көруге болады: : https://www.youtube.com/watch?v=e5BOzZSEpqs