2025 жылғы 22 шілдеде Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті

2025 жылғы 22 шілдеде Марқакөл ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті

Сессия алдында мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселе алдын ала қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — «Марқакөл ауданының 2025–2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 18/3-VIII шешіміне өзгерістер енгізу болды. Аталған мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің уақытша міндетін атқарушы басшысы Абжанова А.Д. баяндама жасады.

Күн тәртібіне енгізілген мәселе жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия отырысы ашық форматта өтті және Марқакөл ауданы мәслихатының ресми YouTube арнасында онлайн көрсетілім ұйымдастырылды.

Трансляция жазбасын келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=hZoJ_pPFjqk&t=57s