2025 жылғы 19 және 20 маусым күндері аралығында Марқакөл ауданы мәслихатының аппараты Марқакөл ауылындағы Тоқтаров көшесінің бойында сенбілік ұйымдастырып, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында тұрмыстық қалдықтар жиналып, қураған бұтақтар мен шөптер тазартылды, шөп шабу жұмыстары атқарылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – көше бойындағы тазалықты сақтау және ауыл тұрғындарына үлгі көрсету арқылы санитарлық мәдениетті қалыптастыру.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Мамырбек Калелов өз сөзінде былай деді: «Мұндай игі шаралар тек тазалық үшін ғана емес, әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді».
Аудандық мәслихат аппараты алдағы уақытта да тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.