Марқакөл ауданы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті

Марқакөл ауданы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті

2025 жылғы 5 маусымда Марқакөл ауданы мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Сессияны аудан мәслихатының төрағасы М. Қалелов ашып, жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімі, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия барысында мәслихат төрағасы М. Қалелов маслихат қызметінің ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Марқакөл және Боран ауылдық округтерінің әкімдері – Қ. Қизатов пен А. Наурызбаев өз округтеріндегі жұмыстар мен атқарылған міндеттер бойынша баяндама жасады. Аудан аумағында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Д. Қабыкенқызы баяндап берді. Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жайын аудан әкімінің орынбасары Н. Бейсенов, ал жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарының орындалуы туралы аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С. Маденов баяндады.

Сессия шеңберінде учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, 2025 жылға арналған кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі шығыстар мөлшерін бекіту, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көмуге арналған тарифтерді бекіту, коммуналдық қалдықтардың түзілу нормаларын айқындау, сондай-ақ жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Сессия онлайн режимде өтіп, мәслихаттың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл отырыстың ашықтығын және қаралған мәселелердің қолжетімділігін қамтамасыз етті.

Тікелей эфирдің жазбасын келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=gDGzQpHrLKY&t=970s

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Сессия соңында депутаттар ұсыныстарын білдіріп, ауданның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.