«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес, Марқакөл ауданы мәслихаты Марқакөл ауылы сайлау учаскелерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия сайлау комиссияларының құрамдарына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссияларының құрамдарына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырушыларға қатысты одан жоғары тұрғандар, сайлау комиссиялары 2025 жылғы 4 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысанда электрондық түрде және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамдарына кандидаттар туралы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамдарына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
4) кандидаттардың белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамдарына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай келуі тиiс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөр басылған және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні мен оның телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 4 маусымына дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8:00 - 17:30 дейін жүзеге асырылады, үзіліс 12:00 - 13:30 дейін.
Марқакөл ауданы мәслихатының төрағасы М.Калелов
Мәслихаттың орналасқан жері: Марқакөл ауылы, А.Крахмаль көшесі, 67.
Жауапты тұлға: А.Касентаева әкімшілік ғимараты, 2 қабат, электрондық пошта мекен-жайы: maslihat_markakol@mail.ru
Марқакөл ауданының мәслихаты Марқакөл ауылының келесі сайлау комиссияларындағы бос орынға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды. | |||
Р/с № | Сайлау учаскесінің нөмірі | Сайлау комиссиясының орналасқан жері (мекен-жайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат) | Сайлау комиссиясымүшелерінің саны |
1 | №772 сайлау учаскесі | Балықтыбұлак а., Атаусыз к., 18, «Балықтыбұлақтың ауылдық клубы» КМҚК | 1 |
2 | №773 сайлау учаскесі | Шанағатты а., Батырлар к., 5, ШҚО білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Шанағаты бастауыш мектебі» КММ | 1 |
3 | №775 сайлау учаскесі | Урунхай а., Абай к., 12, ШҚО білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Урунхай негізгі орта мектебі» КММ | 2 |