Бүгін, Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік – экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үйжәне коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлікмәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Изтилеуовтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отыз бірінші отырысы және Жаңаөзен қалалық мәслихатыныңтөрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы өтті.
Сессияға қала әкімінің орынбасарлары, Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты С. Мыңбай, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы С. Мухаммедов, өткен шақырылым мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасының іске асырылу барысы, Кендірлі туристік аймағын дамыту, Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 23/189 «2025 – 2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Жаңаөзен қаласының Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдарының шекарасын (шегін) белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 155 және Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/422 бірлескен қаулы және шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу, Қарақия ауданының жерінен жер учаскесін Жаңаөзен қаласының әкімшілік-аумақтық бағынысына алу және Жаңаөзен қаласының шекарасына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс енгізу, Жаңаөзен қаласында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін келісу, Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау, VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Агисов Жалгас Алиевичтің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы және Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихатдепутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақтыкомиссияларының бірлескен отыз бірінші отырысы жәнекезекті жиырма бесінші сессия отырыстары Жаңаөзенқалалық мәслихатының facebook әлеуметтік желісі арқылытікелей эфирде көрсетілді