VІІІ шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы болып Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы сайланды

VІІІ шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы болып Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы сайланды

Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы 1979 жылы 04 сәуірде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Экономика және менеджмент» мамандығында оқыған.

Еңбек жолы,

1997 ж. - 2000 ж. «Болашақ» ЖШС-де жүргізуші;

2000 ж – 2001 ж. «Құлагер» ЖШС-де жүргізуші;

2002 ж - 2003 ж. «Жаңаөзен қаласының жастар орталығы» МКҚК, Жастар ісі жөніндегі бас маман;

2004 ж - 2006 ж. «Теңге поселкесі әкімінің аппараты» ММ, жетекші маман, бас маман;

2006 ж - 2008 ж. «Жаңаөзен қаласының жастар орталығы» МКҚК директорының міндетін атқарушы;

2008 ж - 2011 ж. «Қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ, Бөлім басшысы;

2011-2012 жж. Жаңаөзен қаласындағы «Нұр Отан» ХДП филиал төрағасының орынбасары;

2013-2018 жж. Жаңаөзен қаласындағы «Нұр Отан» ХДП филиал төрағасының бірінші орынбасары;

V, VІ шақырылымында сайланғанған Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты;

2018-2022 жж. Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары;

2022-2023 жж. «КЕЗБИ» ЖШС-де бас директорының кеңесшісі;

VІІІ шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты, 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы.

Отбасылы, 4 баланың әкесі.