
Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
2026 жылдың 8 мамыр күні Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының уақытша міндетін атқарушы А. Кумысбаевтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен қырық сегізінші отырысы және Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XL сессиясы өтті.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына қалалық мәслихат төрағасы Ғ. Байжанов, қала әкімінің орынбасары Н. Худибаев, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б. Корбаков, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының күн тәртібінде Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылдарының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту, Қызылсай, Теңге, Кендірлі ауылдарының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің басқару схемасын бекіту және Жаңаөзен қалалық мәслихатының бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XL сессиясының күн тәртібінде Қызылсай, Теңге, Кендірлі ауылдарының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің басқару схемасын бекіту және Жаңаөзен қалалық мәслихатының бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен қырық сегізінші отырысы және қалалық мәслихаттың кезектен тыс XL сессиясы Жаңаөзен қалалық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.