Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін, 29 сәуір күні Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т. Мусаевтың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен қырық жетінші отырысы өтті.

Сондай-ақ Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясы өткізілді.

Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 2026–2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу және бірқатар шешімдерге өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық және қалалық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен сессия отырысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.