
2026 жылдың 10 наурыз күні Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік – экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н. Белшердің төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен қырық алтыншы отырысы және Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII-ші сессиясы өтті.
Сессия отырысына қала әкімі Ж. Қайнарбаев, қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Қызылсай, Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдарының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланып, бекітілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және сессия отырысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.