ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
ШЕШІМ
5 наурыз 2026 жыл № 39 Жаңаөзен қаласы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық
мәслихатының отыз сегізінші сессиясын шақыру туралы
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы 2026 жылдың 10 наурыз күні шақырылсын.
VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы 2026 жылдың 10 наурыз күні сағат 10:00-де қала әкімдігінің 219 бөлмесінде басталады.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
1. «2026 - 2028 жылдарға арналған Қызылсай ауылының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/321 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «2026 - 2028 жылдарға арналған Теңге ауылының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/322 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. «2026 - 2028 жылдарға арналған Рахат ауылының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/323 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «2026 - 2028 жылдарға арналған Кендірлі ауылының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 35/324 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жаңаөзен қалалық
мәслихатының төрағасы Ғ. Байжанов