Бүгін, 26 ақпан күні Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н. Белшердің төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен қырық бесінші отырысы және Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясы өтті.
Сессия отырысына қала әкімі Ж. Қайнарбаев, қала әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаты Б. Қорғанбаев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж. Досполова, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, емхана басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалып, 2026–2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджетіне өзгерістер енгізілді және 2026–2030 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының даму жоспары бекітілді. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамы бекітіліп, бірқатар шешімдерге өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық және қалалық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және сессия отырысы мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.