Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті

Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті

Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті

Бүгін, 12 ақпанда, Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т. Мусаевтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен қырық төртінші отырысы өтті.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті.

Сессия отырысына қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының төрағасы, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Жаңаөзен қаласы Рахат ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы мәселе қаралып, қалалық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және сессия отырысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.