8 – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының отыз екінші сессиясын шақыру туралы

8 – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық   мәслихатының отыз екінші сессиясын шақыру туралы

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

ШЕШІМ

14 қараша 2025 жыл               № 33                             Жаңаөзен қаласы                           

 

8 – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық 

мәслихатының отыз екінші сессиясын шақыру туралы

 8 – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2025 жылдың 19 қараша күні шақырылсын.

8 – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2025 жылдың 19 қараша күні сағат 11:30-да қала әкімдігінің 229 бөлмесінде басталады.

 

Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

  1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы          № 23/189 «2025 – 2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Жаңаөзен қаласында оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы;
  3. Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы;
  4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/3 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың құрамын, төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  5. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 30/359 «Жаңаөзен қаласының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 30/361 «Жаңаөзен қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  7. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 39/451 «Жаңаөзен қаласының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  8. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 39/452 «Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

 

Жаңаөзен қалалық

мәслихатының төрағасы          Г. Байжанов