Бүгін, 22 мамыр күні Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Байжанов Ғалым Ұлықпанұлының төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XXVII-ші сессиясы өтті.
Сессия отырысына Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы, облыстық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Қалдаманов Исенбай Әбиұлы, Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты Мыңбай Сақи Еңсепұлы, ауыл әкімдері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылдарының 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы, «Жарқын болашақ» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы, Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы және Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамдары бекітіліп шешімдер қабылданды.
Сондай-ақ, сессия соңында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XXVII-ші сессия отырысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.