Түпқараған ауданының Қоғамдық Кеңестің мүшелерін
қалыптастыру үшін конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Түпқараған аудандық Қоғамдық Кеңестің жаңа мүшелігіне конкурс жариялаймыз.
Қоғамдық Кеңестің өкілеттіктер мерзімі 3 жылды құрайды.
Қоғамдық Кеңестің сандық құрамы – 11 (он бір) мүшеден тұрады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылдың 19 желтоқсаннан бастап 2025 жылдың 5 қаңтарды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10 бабының 2 тармағының бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірілген азаматтар Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы көшесі, 13 ғимараты, 4 кабинет, Аудандық мәслихат аппаратына және fort_maslihat@mail.ru электрондық поштасына құжаттарды тапсыруға болады.
Жұмыс тәртібі: 09.00-ден 18.30-ға дейін,
Түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.
Ақпараттар үшін телефон: 8/72938/22551, 8/72938/22698