Түпқараған ауданының Қоғамдық Кеңес мүшесін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қоғамдық Кеңестің шығып қалған азаматтық қоғам өкілдігінен сайланған мүшесінің орнына - 2(екі) жаңа мүшесін іріктеу бойынша қосымша конкурс жариялайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (2025 жылдың 28 мамырдан бастап 2025 жылдың 11 маусымды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).
Қосымша конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшесін іріктеу жөнінде қосымша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Kogamdykkenes2020@mail.ru электрондық мекенжайына:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін (өтініш қоғамдық кеңестің төрағасы атына жазылу қажет);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Қосымша конкурсқа қатысуға ниет білдірілген азаматтар Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, №2 ғимараты, 8 кабинет, Түпқараған ауданының Қоғамдық Кеңесі және Kogamdykkenes2020@mail.ru электрондық поштасына құжаттарды тапсыруға болады.
Жұмыс тәртібі: 09.00-ден 18.30-ға дейін,
Түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.
Ақпараттар үшін телефон: 87781422441