2025 жылы 14 мамыр күні кеңес төрағасы Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлының төрағалығымен Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты мәселелер талқыланып, пысықталды.
Қоғамдық кеңестің және оның комиссияларының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Сондай-ақ, Кеңес мүшелеріне нормативтік құқықтық актілерін қарау тәртібі таныстырылды және т.б. мәселелер қаралды.