15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күні

15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күні

Құрметті әріптестер!

1993 жылы дәл осы күні теңге ресми айналымға енді. Ал, 1997 жылы Тұңғыш Президент Жарлығымен бұл күн қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Осы орайда, Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының 30 жылдық мерейтойымен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

Осындай өткелең кезеңде Сіздер - қаржыгерлер еліміздің қаржы саясатын іске асыруда ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай қызмет етіп келесіздер.

Төл теңгеміздің мерейлі мерекесі күні дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, істеріңізге сәттілік тілейміз!

 

Ізгі ниетпен, 

Маңғыстау облыстық мәслихаты