2023 жылдың 3 шілде күні ҚР Парламенті Сенаты депутаты Бекбол Орынбасаров пен Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев Жаңаөзен қаласына іс - сапармен барып, “Өзенмұнайгаз” АҚ ұжымымен кездесті.
Кездесуге “Өзенмұнайгаз” АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай мен орынбасарлары және қызметкерлері, Жаңаөзен қалалық мәслихат төрағасы Ғалым Байжанов қатысты.
Бекбол Тілеумұратұлы Сенат депутаттарының негізгі міндеттері мен мақсаттарын және қабылданған заңдардың жергілікті жерде қалай орындалып жатқанын, өздерінің заң шығармашылық қызметтері туралы жан - жақты баяндап берді.
Сондай - ақ, Жаңаөзенде басқа да жұмыс көздерін ашуды, шағын, орта кәсіпкерлікті жан - жақты сапалы дамытуды және өнеркәсіптік кәсіпорындағы ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру қажет екендігін жеткізді.
Жаңбырбай Жәнібекұлы өңірімізде болып жатқан маңызды жаңалықтарды жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалар туралы мағлұматтар берді.
Кездесу соңында еңбек ұжымы кәсіпорындағы өзекті көкейтесті мәселелерін жеткізіп, ұсыныс пікірлер алмасып, заңға өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.
Баспасөз қызметі