8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ

8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ

         8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2026 жылы 30 маусым сағат 10:00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.

Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

  1. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы;
  2. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №7/75 «Мұнайлы ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  3. «Маңғыстау» туристік аймағын дамыту жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы;
  4. Маңғыстау облыстық мәслихатының 8 сайланған депутаты Сүгірбай Аят Исатайұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  5. Маңғыстау облыстық мәслихатының 8 сайланған депутаты Айтуов Ербол Абдыашимовичтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  6. Кәсіпкерлік, аграрлық сала, жер қатынастары, табиғатты пайдалану және туризмді дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы;
  7. Маңғыстау облыстық мәслихаттың Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.
  8. Өзге де мәселелер.

 

Маңғыстау облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                  Ж. Матаев