8 шақырылым Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2026 жылы 10 наурызда сағат 11:00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
- «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/278 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы.
- Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.
- Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.
- «Маңғыстау облысы әкімдігінің дербес құрамы туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамы туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 мамырдағы № 9/118 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы.
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 17/196 «Маңғыстау облыстық округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8/89 «Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Маңғыстау облысын басқару схемасы туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы №19/211 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Маңғыстау облыстық
мәслихатының төрағасы Ж. Матаев