8 шақырылым Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарының назарына!

8 шақырылым Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарының назарына!

         8 шақырылым Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2026 жылы 10 наурызда сағат 11:00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.

        Сессияға шақырылғандарды тіркеу сағат 10:00-ден бастап жүргізілетін болады.

        Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері           ахуалды орталықта (2-қабат) өтеді:

        Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия және Өнеркәсіп, құрылыс және инвестициялар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия – 2026 жылы 6 наурызда сағат 10:00-де;

        Әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия және Кәсіпкерлік, аграрлық сала, жер қатынастары, табиғатты пайдалану және туризмді дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия – 2026 жылы 6 наурызда сағат 15:00-де.