8 шақырылым Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ

8 шақырылым Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ

8 шақырылым Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2026 жылы 6 наурызда сағат 10:00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.

 Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

  1. Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы.
  2. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы.
  3. «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамы туралы» Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 17 мамырдағы № 9/118 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. «Маңғыстау облысы әкімдігінің дербес құрамы туралы» Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Өзге де мәселелер.

Маңғыстау облыстық

мәслихатының төрағасы                                                        Ж. Матаев