8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ

8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ

        8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы 2026 жылы16 ақпанда сағат 11:00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.

 Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

  1. «Маңғыстау облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 24/281 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  2. Маңғыстау облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы.
  3. Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  4. Маңғыстау облысы бойынша ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы.
  5. «Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы №37/446 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтарының лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы.
  7. Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындау туралы.
  8. «Облыстық мәслихат аппаратының құрылымы және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстар туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №24/286шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  9. Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің есебі туралы.
  10. 2025 жылға Әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.
  11. 2025 жылға Өнеркәсіп, құрылыc және инвестициялар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.
  12. Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдардағы даму жоспарының іске асырылуы туралы.
  13. Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
  14. Өзге де мәселелер.

Маңғыстау облыстық

мәслихаты төрағасының

өкілеттігін уақытша

жүзеге асырушы                                                                       М. Рзаханов