Маңғыстау облыстық мәслихатының облыстық сайлау комиссиясының құрамына шығып қалған мүшесінің орнына сайлау өткізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Маңғыстау облыстық мәслихатының облыстық сайлау комиссиясының құрамына шығып қалған мүшесінің  орнына сайлау өткізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты (бұдан әрі – облыстық мәслихат) аумақтық сайлау комиссиясының құрамына шығып қалған мүшесінің орнына сайлау өткізу туралы хабарлайды.

Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсына алады.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылдың 25 желтоқсаннан бастап 2026 жылдың 8 қаңтар аралығында облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

         2) тиiстi сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.       

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастыратын облыстық мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.  

Облыстық мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 25 желтоқсаннан бастап 2026 жылдың 8 қаңтар аралығында аралығында дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

  Маңғыстау облыстық мәслихаты

 

Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы – Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтау қаласы,  14 шағынаудан, 1 ғимарат, 2 блок, каб. № 407, байланыс телефондары: 8(7292) 46-26-03 (1263), 8 700 788 70 05, электрондық пошта мекенжайы: al.khudaibergenova@mangystau.gov.kz

 

Мәслихат төрағасы                                        Ж. Матаев

Өтініш

Қосымша