8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының
кезекті жиырма төртінші сессиясының
МӘСЕЛЕЛЕРІ
8 шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы 2025 жылы 12 желтоқсанда сағат 10:00-де облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
- 2026-2028 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы.
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы.
- Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған дамужоспарының іске асырылуы туралы.
- Маңғыстау облысын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасы туралы.
- «Үздік ауыл әкімінің аппараты» рейтингі жеңімпаздарына қосымша ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы.
- Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.
- Мәслихат қызметін ұйымдастыру жөніндегі облыстық мәслихат төрағасының есебі туралы.
- Облыстық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Облыстық мәслихат аппаратының құрылымы және оны ұстауға әрі
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстар туралы.
- Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
- Өзге де мәселелер.
Маңғыстау облыстық
мәслихатының төрағасы Ж. Матаев