Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлының төрағалығымен Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлының төрағалығымен Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Өңірдегі жұмыс берушілердің жұмыссыздықты азайту бойынша атқарып жатқан жұмыстары» туралы, сондай-ақ облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен облыстық экология департаментінің «Облыстағы экологиялық мәселелер» жөніндегі есептері тыңдалды.

Отырыста кеңес мүшелері жұмыссыздық мәселелерін шешуде қандай қағидаттар мен әдістер қолданылатыны, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында инвесторларды тарту бойынша қандай жобалар жүзеге асырылып жатқаны туралы сұрақтар көтерді. Сонымен бірге, тек ресми көрсеткіштерді емес, нақты нәтижелерді де көрудің маңызы айтылды. Мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы өзара ықпалдастық механизмдерін күшейту қажеттігі де ерекше аталып өтті.

Экология мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, ыстық әрі желді күндері байқалатын жағымсыз иістің себебі, оны жою бойынша қандай шаралар атқарылып жатқаны жөнінде сұрақтар қойылды. Бұл ретте жеті жылдық келісімшарт аясында 7 млрд теңге бөлінген «Green Sity» ЖШС-нің жұмысына да назар аударылды. Кеңес мүшелері аталған қаражаттың қаншалықты тиімді әрі мақсатты игеріліп жатқанына, нақты қандай жұмыстар атқарылып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Қоғамдық кеңес үшін экология мен жұмыспен қамту мәселелері әрқашан өзекті болып қала береді. Осыған байланысты арнайы жұмыс топтарын құрып, тұрақты мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды.