Қоғамдық кеңесте 2021–2025 жылдарға арналған аумақты дамыту жоспарының орындалуы туралы есеп тыңдалды.
Ағымдағы жылдың 26 маусым күні, Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңес төрағасы Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы төрағалық етті. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Кеңес отырысында Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілеген Едігеұлы Едгеев 2021–2025 жылдарға арналған аумақты дамыту жоспарының орындалуы жөнінде есеп берді.
Талқылау барысында жол жағдайы, білім беру, ауызсумен қамту, туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту, әкім гранттарының берілуі, «Жайлы мектеп» бағдарламасының жүзеге асуы және тіл саясатына қатысты мәселелер көтерілді.
Көтерілген сұрақтарға тиісті басқарма басшылары нақты жауаптар мен түсініктемелер берді.
Қоғамдық кеңес өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.