2025 жылдың 9 маусым күні кеңес төрағасы Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлының төрағалығымен Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар салалық басқармалардың басшылары мен мамандары қатысты.
Күн тәртібінде Маңғыстау облысы мәслихатының «2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №17/177 шешіміне өзгерістер енгізу туралы жоба қаралды. Бұл мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы баяндама жасады.
Сондай-ақ, Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ұсынған көгалдандыру мәселелеріне қатысты, игерілмеген қаражатты 2025–2027 жылдарға көшіру жөніндегі ұсыныс қаралды.
Ақтау қаласында 2022 жылдан бастап «Green City Aktau» атты көгалдандыру бағдарламасы іске асырылып келеді. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жоба бойынша толық құжаттама пакетін – презентацияны, орындалған жұмыстар тізімін және жоспарланған іс-шараларды ұсыну қажеттілігі айтылды.
Қажетті ақпарат пен құжаттар толық қаралғаннан кейін тиісті шешімдер қабылданатын болады.