Қарақия аудандық мәслихатының хабарламасы

Қарақия аудандық мәслихатының хабарламасы

Қарақия аудандық мәслихатының хабарламасы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19 бабы 6-тармағына сәйкес, комиссия мүшелерін өз өтініштері негізінде міндеттерінен босату бойынша Қарақия аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен  босату туралы» 2025 жылдың 22 сәуірдегі №96 қаулысын негізге ала отырып, аудандық мәслихат сайлау комиссиялары бойынша бос орындар жөнінде төмендегідей хабарлама береді:

 

№1 округтік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№2 округтік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№3 округтік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№5 округтік сайлау комиссиясы бойынша – 2 орын;

№6 округтік сайлау комиссиясы бойынша – 2 орын;

№8 округтік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№145 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№146 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№148 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№149 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№150 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№152 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 1 орын;

№157 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 3 орын;

№162 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша – 2 орын.

 

             Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2025 жылдың 28 сәуірі мен 12 мамырын қоса алғанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

             1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

             2) тиiстi сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

             3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

             4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

            Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың толтыратын өтініштері мәслихат сайтында (сайлау комиссиясы бөлімінде) орналастырылған.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер назарына!

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес 2025 жылдың 12 мамырына дейінгі мерзімде Қарақия ауданы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларына кандидатураларды ұсыну қажеттілігін хабарлаймыз.

         Анықтама телефондары: 8/72937/21255.

         karakia-maslikhat01@mangystau.gov.kz

         Қарақия аудандық мәслихаты.