Ресми жариялау міндетті!

Ресми жариялау міндетті!

Ресми жариялау міндетті!

          Әділет органдарының мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуде атқаратын функцияларының бірі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу болып табылады.

          Осылайша, аумақтық әділет органдарының жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен қабылданатын нормативтік құқықтық актілерге қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігі, құқық нормаларының бар-жоғы және мемлекеттік тіркеу қажеттілігі тұрғысынан заң сараптамасын жүргізу арқылы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары, заңды мүдделерi қорғалуын қамтамасыз етудегі рөлі зор.

          Ата Заңымыз - Конституцияда азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты екендігі нық айтылған.

          Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау жалпыға бірдей мәлімет үшін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде (https://zan.gov.kz/), сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында жүзеге асырылады.

          Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы Заңнама және құқықтық акпарат институты мен өңірлерде оның филиалдары жүргізеді.

          Бұл ретте, аумақтық әділет органдары тіркеген әкімдердің, әкімдіктер мен мәслихаттардың және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық шешімдері мен қаулылары эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін уәкілетті ұйымға автоматты түрде жолданатын болса, мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жібереді.

         Лауазымды тұлғаның ресми жарияланбаған нормативтік құқықтық актіні заңсыз қолдануы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

         Қорыта айтқанда, нормативтік құқықтық актілерді заңсыз қолдануға жол бермеу мақсатында оларды ресми жариялау міндетті екендігін айтамыз.

 

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің

нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі