Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының  кезектен тыс қырық екінші сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының

кезектен тыс қырық екінші сессиясын шақыру туралы

 

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

            Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының қырық екінші сессиясы 2026 жылы 18 тамыз күні сағат 11:00-ге Жетібай ауылы Өнер мектебіне шақырылсын.

            Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:

  1. Қарақия аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 34/279 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Қарақия аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 30/324 «Қарақия ауданы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/94 «Қарақия аудандық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.