Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті қырқыншы сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының  кезекті қырқыншы сессиясын шақыру туралы

Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының

кезекті қырқыншы сессиясын шақыру туралы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының қырқыншы сессиясы 2026 жылы 10 маусым күні сағат 15:00-ге Жетібай ауылы Өнер мектебіне шақырылсын.

      Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті қырқыншы сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:

  1.  2025 жылға арналған аудан және ауыл бюджетінің орындалысы жөніндегі есепті бекіту туралы;
  2. Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  3. Аудандық құрылыс бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  4. Өзге де мәселелер.