Жетібай ауылынан көше атауын беру туралы ұсыныс

Жетібай ауылынан көше атауын беру туралы ұсыныс

 Хабарландыру!
Қарақия ауданы, Жетібай ауылы бойынша өткізілген жергілікті қоғамдық тыңдау жиналысының 2026 жылғы 2 наурызындағы №1 хаттамасы негізінде, қызметтік борышын атқару кезінде оқыс оқиға салдарынан қаза тапқан қызметкерді ұлықтау мақсатында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы ішкі істер бөлімі патрульдік - күзет милиционері қызметін атқарған Әбішов Ержан Серікжанұлы атына Жетібай ауылынан көше атауын беру туралы ұсыныс қаралып, көше тұрғындарының бірауыздан берілсін деген келісімге келгендігін хабарлайды.