Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

18 ақпан күні Қарақия аудандық әімдігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Ержан Сақтапұлы жүргізіп отырды.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары С.Төкенов, аудандық мәслихат төрағасы Ж.Қалаубай, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Ең алдымен жұмыссыздық мәселесін азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындысы және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын Мансап орталығының директоры Н.Қонарбаев баяндап, халықты жұмыспен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстарымен таныстырды.

Одан кейін Құрық ауылы әкімінің 2025 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі және 2026 жылға арналған жоспары жөнінде Құрық ауылының әкімі Сыдиық Есенкелдіұлы есеп берді.

Сонымен қатар Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмысының қорытындысы және 2026 жылға арналған жоспары туралы Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сыйлыбай Аманкулов баяндады.

Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі баяндалған мәселелерден бөлек өзге де ауылдың өзекті проблемалары жөнінде сұрақтарын қойды.

Отырыс соңында Санат Теңелұлы көтерілген мәселелер бойынша хаттама жасақталып, аталған мәселелер қаперге алынатынын жеткізді.