Қарақия аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің босаған орнына қосымша конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарақия аудандық Қоғамдық Кеңесі Қоғамдық кеңес мүшелерінің босаған орнына қосымша конкурс жариялайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылдың 04 ақпаннан бастап 17 ақпанға дейін (қоса алғанда), сағат 18.30-ға дейін.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар ұсынылуы қажет:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байл нысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірілген азаматтар Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, 15 ғимарат, аудандық мәслихат аппаратына және karakia-maslikhat01@mangystau.gov.kz электрондық поштасына құжаттарды тапсыруға болады.
Жұмыс тәртібі: 09.00-ден 18.30-ға дейін
Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.
Ақпараттар үшін телефон: 8/72937/21255, 8/72937/21097.