Хабарландыру!
Қарақия ауданы, Құрық ауылы бойынша өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналысының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №4 хаттамасы негізінде, қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерді ұлықтау мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты қызметін атқарған Тұрсынбеков Әділет Алшынбайұлы атына Құрық ауылынан көше атауын беру туралы ұсыныс қаралып, көше тұрғындарының бірауыздан берілсін деген келісімге келгендігін хабарлайды.