Қарақия аудандық Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Қарақия аудандық Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтті

2025 жылғы 25 ақпан күні Қоғамдық Кеңестің отырысы өтіп, кеңес мүшелеріне күәліктер табысталды. Отырысқа кеңес төрағасы Е.Бегниязов төрағалық етіп, жиналғанғандарға күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды. Жыл басынан бері алғаш рет өтіп отырған бұл жиынға қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған мүшелері, аудан әкімінің у.м.а С.Төкенов, Қарақия аудандық мәслихат төрағасы Ж.Қалаубай, “AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы Қ.Көшенов, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары, Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Өтесов, Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының у.м.а. А.Ержанова, Қарақия аудандық Мансап орталығының директоры Н.Қонарбаев қатысып, кеңес мүшелері алдында есеп берді.
​Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды.
Алдымен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы осы бөлімнің басшысының у.м.а Е.Өтесов баяндама жасады. Ауданның өзекті деген жұмыстарын атқарып, қажеттілігіне сай жұмыс жүргізуді қолға алып келе жатқан бұл бөлімге айтылатын ұсыныстар жеткілікті. Әсіресе кеңес мүшелері тарапынан ауданның жол және инфрақұрылымына қатысты мәселелерді қозғады.
Келесі мәселе бойынша Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының у.м.а. А.Ержанова сөз сөйлеп, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы мәлімет ұсынды.
2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 17 мемлекеттік қызмет түрінен барлығы 4148 өтініш тіркелді. оның ішінде: электронды түрде 2901 өтініш, азаматтарға арналған үкімет корпарациясы арқылы 1060 өтініш, қағаз жүзінде 187 өтініш қабылданды.
Сонымен қатар, жұмыссыздық мәселесін азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын Мансап орталығының директоры Н.Қонарбаев баяндап, халықты жұмыспен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстарымен таныстырды.
Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді талқылай отырып, өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Кеңес жұмысын кеңес төрағасы Е.Бегниязов қорытындылап, айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама жасақталып, тиісті мемлекеттік мекемелерге ұсынылатынын және орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.