Қоғамдық кеңес отырысы өтті
03 маусым күні Қарақия аудандық мәслихатында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Ержан Сақтапұлы жүргізіп отырды.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары С. Төкенов, аудандық мәслихат төрағасы Ж. Қалаубай, Қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Аудандық Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.
Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі баяндалған мәселелерден бөлек өзге де ауылдың өзекті проблемалары жөнінде сұрақтарын қойды.
Отырыс соңында Санат Теңелұлы көтерілген мәселелер бойынша хаттама жасақталып, аталған мәселелер қаперге алынатынын жеткізді.