Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының
кезекті жиырма жетінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының жиырма жетінші сессиясы 2025 жылғы 04 маусымға сағат 16:00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезекті жиырма жетінші сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:
- 2024 жылға арналған аудан және ауылдар бюджетінің орындалысы жөніндегі есепті бекіту туралы;
- Бостан ауылы әкімінің 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Аудандағы медицинаның сапасын арттырудың жайы туралы есебі;
- Жетібай ауылдық ауруханасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Қарақия ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
- «Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Қарақия ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Қарақия аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
- «Қарақия аудандық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.