Бүгін Маңғыстау аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысын мәслихат төрағасы Махмутов Ерболат Хабиболлаұлы ашып, жүргізіп отырды.
Сессия отырысына облыс әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы, Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов, облыс әкімі аппаратының басшысы Айбек Қосуақұлы Қосуақов, аудан әкімінің орынбасарлары және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде Маңғыстау ауданының әкімі етіп тағайындауға ұсынылған кандидатураға келісім беру туралы мәселе қаралды.
Маңғыстау ауданының әкімі етіп тағайындауға ұсынылған Скендиров Ерғали Сисенғалиұлының кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан келісім беріліп, шешім қабылданды.