Бүгін түске дейін аудандық мәслихаттың төрағасы Е. Махмутовтың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс XXVIII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Алтынғалиев, аудан әкімінің орынбасары М. Сейлов, аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, сондай-ақ Шетпе ауылының әкімі қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:

Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 16 сәуірдегі №11/84 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары М.Сейлов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Оразалиевтің ақпараттары тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер мен сұрақтар қойылды. Сала басшысы тиісті жауаптар берді.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша мәслихаттың тиісті шешімі қабылданды.