Бүгін түске дейін аудандық Мәслихаттың төрағасы Е. Махмутовтың төрағалығымен Мәслихаттың кезектен тыс ХХVII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің орынбасарлары Т. Алтынғалиев және А. Аққұлов, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, мекеме және кәсіпорын директорлары, Шетпе ауылының әкімі, сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңес пен сайлау комиссиясының төрағасы қатысты.
Күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қаралды:

Аудандық Мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №24/191 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Аудандық Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №8/67 «Маңғыстау ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Аудандық Мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы №19/195 «Маңғыстау аудандық Мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту.

Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2025 жылғы 14 тамыздағы № 21/165 «Жер комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшыларының ақпараттары тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер мен сұрақтар қойылып, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тиісті жауаптар берді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.