Бүгін Е.Махмутовтың төрағалық етуімен Мәслихаттың XXVI сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан депутаттарымен қатар аудан әкімі Ғ. Ниязов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

Ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік, инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін, байланыс желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырудағы аудандық атқарушы органдардың жұмыстары туралы

2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2026–2030 жылдарға арналған ауданның даму жоспарына қатысты шешімдер;

құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандар ісі және жастар саясаты бағытындағы комиссиялар мен кеңестердің құрамына өзгерістер енгізу мәселелері.
Сессия барысында көтерілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.