Аудандық Мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясының отырысы

Аудандық Мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясының отырысы
                Аудандық Мәслихаттың төрағасы Е.Махмутовтың төрағалық етуімен Мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы өтті.
                Сессия жұмысына депутаттармен қатар аудан әкімі Ғ.Ниязов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, Қоғамдық кеңес төрағасы,аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Сессия жұмысында бекітілген күн тәртібіне сәйкес аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы О.Күзембаевтың “2026-2028 жылдарға арналған бюджет туралы”, “Маңғыстау ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы” және
“Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №17/126 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы” мәселелер бойынша баяндамалары тыңдалып,депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар мен пікірлер айтылып,жауаптар тыңдалды. Сонымен қатар сессия жұмысында:
                “Аудандық Мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы”,
                “Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарын айқындау туралы” және “Маңғыстау ауданында оңайтылған декларациясы негізінде арнайы салық режимі бойынша салықтарды есептеу кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы” мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
                Сессия соңында сөз алған аудан әкімі Ғ.Ниязов, Мәслихат депутаттарына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін одан әрі жетілдіруде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қызметтер жасап,бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілгеніне тоқтала отырып, алғысын білдірді.