Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
Сіздерді Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен есеп беру кездесуі өтетіндігі туралы хабардар етеміз.
Кездесу өтетін уақыты:
📅 2025 жылғы 25 сәуір
🕕 сағат 18:00-де
Өтетін орны:
📍 «Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» (19а ш/а, №1/1)
Кездесуде депутаттардың атқарылған жұмыстары туралы есептері ұсынылып, келесі шағынаудандар мен тұрғын үй массивтерінің тұрғындары көтерген мәселелер мен ұсыныс-пікірлер қаралады:
№ 19а, 30, «Шығыс-1», «Шығыс-2», «Шығыс-3», 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 32в, 33, 34, 34а, 35, 38, 39, 40, 41
Аталған аумақтардағы барлық тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз!
Байланыс:
Жауапты қызметкер – Бухарбаева Ақтүйме
📞 Телефон: 33-67-81