Ақтау қалалық мәслихатында кезектен тыс 21 сессиясы өткізілді.
Сессия отырысына қала әкімі, Маңғыстау облыстық басқарма өкілдері, қала әкімінің орынбасарлары, қаланың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Атап айтқанда, «Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №12/76 «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Бұл мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Хайрлиева баяндама жасады.
Г.Хайрлиеваның айтуы бойынша қала бойынша Ұлы Отан соғысының 2 қатысушысы қалды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлы Жеңістің 80-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы хатына сәйкес, қолданыстағы екі миллион теңге көмектің орнына республика бойынша біркелкі 5 млн. теңгеге көбейтуді ұсынды.
Келесі мәселе «Ақтау қаласы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы».
Баяндамашы қалалық тұрғы үй инспекциясы бөлімінің басшысы Н.Кучербаев кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшері бір жыл қолданылатынын, қайта есептеуді инфляцияны ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар жүргізетінін түсіндірді.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Маңғыстау облысында 2024 жылғы инфляция 9,2% болғанын, осыған орай, 2025 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшері 42,58 теңгені құрайтынын атап өтті.
Бұдан кейін отырыста «Актау Фиш» ЖШС-ің жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару шартының жобасы туралы мәселесі талқыланды.
Бұл мәселеге қатысты мәслихат төрағасы С.Т.Закенов жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін бағалау барысында жыл сайын құны өзгеруі мүмкін бе және су тущыту зауытының құрылысы үшін «Актау Фиш» ЖШС-ің жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскесінен бөлек іргелес орналасқан бос орындар қарастырылғаны туралы сұрақ қойылды.
Баяндамашы жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Ұзақбайұлы ҚР «мемлекеттік мүліктер туралы» Заңына сәйкес жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесінің құны нарықтық құнмен айқындалады, сондықтан бағалау барысында оның мөлшері өзгеруі мүмкін, келесі сұраққа мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға байланысты «Актау Фиш» ЖШС-ің жеке меншік құқығымен тиесілі жер учаскесінен бөлек бос орындар қарастырылды, алайда ол жер учаскелерінде МАЭК-ке тиесілі бірнеше инженерлік желілер жүргізілген, сондықтан басқа да нұсқасы болмағаны жөнінде түсіндірді.
Бұдан кейін депутат Е.Кенғанның «Каспий су тұщыту зауытының құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, қосымша су тұщыту зауытының құрылысы салынады ма?» - деген сұрағына Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Н.Орынбасаров су тұщыту зауыты өз алдына бөлек салынатынын, себебі теңіз құйылысынан келетін құбыр жүргізілгенін, қазіргі таңда қалада су мәселесі өзекті болғандықтан, халықтың игілігіне керек жоба екенін атап өтті.
Депутат Е.Кенған мәслихаттың басты міндеттерінің бірі халықтың мүддесін қорғау болып табылады. Бұл мәселе бірнеше рет қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында талқыланды, осы мәселеге қатысты туындаған сұрақтар бойынша құзырлы органдардан жауаптары алынды. Сондықтан да қала әкімдігі тарапынан қандай да бір мәселе ұсынылған жағдайда, заң талаптарын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін қаперлеріне берді.
Сессия соңында депутаттармен қала әкіміне қаладағы ауқымды мәселелер жөнінде сұрақтар қойылды.
Өз кезегінде депутаттар сайлаушылармен кездесу барысында тұрғындардың ауыз су, қаланың жолдары, сондай-ақ балалар алаңының құрылыстарына қатысты мәселелер бойынша шағымданатынын, осыған орай қала әкімдігіне депутаттық сауалдар жолдайтынын, алайда, жергілікті атқарушы органдар, белгіленген мерзімінен өтіп, нақты шешімі көрсетілмей, мардымсыз жауап қайтарылатынын жеткізді.
Қала әкімі өз қызметкерлеріне қала тұрғындарының және депутаттық сауалдарға нақты шешімін келтіре отырып, уақтылы және міндетті түрде жауап қайтаруды тапсырды.
Депутат Е.Оңғалбаев қала әкімдігінен қаланың шұңқырлы жұмыстарын жөндейтін мердігердің келісім-шарты мен жұмыс кестесін беруді, сондай-ақ жылу магистралі жұмыстарының жүргізілуіне орай, қаланың 2 шағын ауданы мен 6 шағын ауданының арасындағы жол жабық екенін, осы күнге дейін жұмыстар аяқталмағанын, сондықтан, осы жұмыстардың қандай мерзімде аяқталатынын, қандай құзыретті орган қадағалайтынын және жұмыс жасау кестесін қоса сұратты.
Қала әкімі тапсырыс беруші Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы болып, мердігер болып танылған «АлматыИнжСтрой» мекемесі Ақтау қаласындағы 21 шақырымды орталық жылу жүйелерінің жұмыстарын жүргізді. Алдыңғы жылыту маусымына қарағанда биылғы жылы авариялық ақаулар екі есеге төменделді. Ағымдағы жылы да қалған орталық жылыту жүйесіне күрделі жұмыстар жүргізілетінін, алайда жұмыстарын жүргізу барысында үстіндегі көгалдандыру, аббатандыру жұмыстары бұзылғанын айтып өтті.
Сонымен қатар қалалық әкімшілікте бірнеше рет мердігер мекеменің, облыстық энергетика басқармасының өкілдерінің қатысумен жиналыстар өткізілгенін айтып, осы айтылған мәселелер бойынша ақпараттандыру мақсатында депутаттарға жиналыс өткізіп, слайд арқылы мердігерлердің жүргізіп отырған жұмыстарын таныстырып отыруды облыстық энергетика басқармасының өкіліне ұсынды.
Сонымен қатар қала әкімі өзекті мәселелердің бірі болған-жол мәселесіне тоқталды. Қазіргі таңда жолдардың сапасы бәріне мәлім, сондықтан да жолдарға тиімсіз шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізе бермей, орнына орта жөндеулерді жүргізу үшін қаражат сұратып, жобаларды дайындайтынын айтты. Жолдардың орта жөндеу жұмыстары, қаланың барлық жолдарының ауқымын қамтымайтынын, алдымен негізгі жолдар, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері бойынша кезеңімен жүргізілетінін айтты.
Жалпы, отырыста қаралған барлық мәселелер назарға алынып, айтылған ұсыныстардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.