Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
Сіздерді Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен есеп беру кездесуі өтетіндігі туралы хабардар етеміз.
Кездесу өтетін уақыты:
📅 2025 жылғы 21 сәуір
🕕 сағат 18:00-де
Өтетін орны:
📍 Маңғыстау облысының білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК
(17 ш/а, №13/1)
Кездесуде депутаттардың атқарылған жұмыстары туралы есептері ұсынылып, келесі шағынаудандар мен тұрғын үй массивтерінің тұрғындары көтерген мәселелер мен ұсыныс-пікірлер қаралады:
- №11, 12, 12а, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 18а, 19, 20, 20а, 26, 27, 28, 28а, 29
- «Самал», «Самал-1», «Самал-2», «Толқын-1», «Толқын-2», 29а.
Аталған аумақтардағы барлық тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз! Келіп, өз пікіріңізді білдіріңіз!
Байланыс:
Жауапты қызметкер – Бухарбаева Ақтүйме
📞 Телефон: 33-67-81